Маңғыстауда Бельгиядан келген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды: Себебі неде?

Маңғыстау облысындағы Құрық портында Бельгиядан әкелінген 19 тонна алмұрт Қазақстан аумағына кіргізілмеді. Бұған өнімнің фитосанитариялық сертификатының болмауы себеп болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Заңбұзушылықты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары анықтаған. Жүк Құрық портына келіп түскен кезде тексерістен өткізілген.

«Құжаттарды тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекара арқылы тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімдерге міндетті саналатын фитосанитариялық сертификатсыз әкелінгені белгілі болды», — делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты импорттаушы компанияға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар жүктің барлық партиясын Бельгияға кері қайтару туралы акт рәсімделді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика