Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға бөлінетін қаражат туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің сөзінше, әзірге Қаржы министрлігіне бұл мақсат үшін ешкімнен өтінім түспеген.
«Біз Орталық сайлау комиссиясымен хабарластық. Олар бізге сұраныс жібереді. Референдумға қажет ақшаны мемлекеттік резервтен аламыз», — деді Темірбеков.
Алайда ол нақты соманы атамады.
Фото: Әлеуметтік желіден
