БҚО-да жылқылар қырылып жатыр (ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысында жылқы шығыны күрт көбейіп, шаруалар дабыл қағуда. Әсіресе Қазталовка мен Жәнібек аудандарында қыс ауыр тиіп, мал жаппай қырылып жатқаны айтылды. Былтырғы қуаңшылықтан әлсіреп шыққан жылқы биыл қалың қар мен көк мұздың құрсауында қалған. Тебінге жарамаған түлік азық таппай, далада сұлап жатқаны түсірілген кадрлардан анық көрінеді. Киров ауылындағы бір шаруашылықта екі күннің өзінде 8 жылқы өлгені белгілі болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Шаруалар шығын өтемақысын да сұрамайтынын, тек жем-шөп тасуға және әлсіреген малды шығаруға жол керегін айтады. Өйткені қар құрсаған ауылдарға техника өте алмай, жағдайды ушықтырып отыр. Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шығынын қараусыздықпен байланыстырып, өңірде жем-шөп қоры жеткілікті деген мәлімет таратқан.

Алайда даладағы нақты көрініс пен кабинеттегі есептің арасы алшақтап бара жатқандай. Қыстың қамын жаз ойламаған жауаптылардың салғырттығы тағы да малшының маңдай терін рәсуа еткен жоқ па деген сауал туындайды.

Видео: Instagram — @kerekemes_kz

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kerekemes (@kerekemes_kz)

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика