Доха турнирі: Рыбакина бірінші сетте жеңіліп, ширек финалға жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Ол үшінші айналымда қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньнен басым түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Кездесу өте тартысты өтті. Бірінші сетте қытайлық спортшы 6:4 есебімен жеңіске жетіп, алға шыққан болатын.

Алайда екінші сетте Елена Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:2. Шешуші үшінші партияда да қазақстандық теннисші мықтылығын дәлелдеп, 7:5 есебімен жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Елена Рыбакина ерік-жігерінің арқасында жеңіске жетіп, Дохадағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика