Синоптиктер дабыл қақты: 17 облыс пен 2 қалада ауа райы күрт нашарлайды

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде, соның ішінде Астанада ауа райының күрт бұзылатыны туралы дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Астанада түнде және таңертең қар жауып, боран соғады, көктайғақ болып, тұман түседі. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған ұқсас қолайсыз ауа райы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Қостанай және басқа да бірқатар облыста болжанып отыр.

Мамандардың мәліметінше, кейбір аймақтарда қатты жауын-шашын болып, жолдың көрінуі нашарлайды және ауа температурасы күрт төмендейді. Кей жерлерде дауылды желдің жылдамдығы секундына 28-30 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Тараз, Шымкент және Жезқазған қалаларында көктайғақ, бұрқасын, жылбысқы қар және тұман күтіледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика