Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қауіпті Нипах вирусының өршуіне байланысты Қазақстан мемлекеттік шекараның барлық өткелінде санитарлық бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның ақпараты бойынша, халықаралық әуежайларда халықтың денсаулығына қатысты төтенше жағдайларға дайындық мақсатында арнайы оқу-жаттығулар өтіп жатыр.
«Медициналық ұйымдар жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді. Оларда дәрі-дәрмек, қорғаныс және дезинфекция құралдарының қажетті қоры бар», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар вирусты жұқтыру қаупі бар елдерден, соның ішінде Үндістаннан келген азаматтарға ерекше назар аударылуда. Министрлік мұндай мемлекеттердің тізімі үнемі жаңартылып отыратынын атап өтті.
Фото: Әлеуметтік желіден
