Алматыдағы 6 млрд теңге жымқыру ісі: Күдікті шетелден Қазақстанға жеткізілді

Алматыда тұрғын үй кешендерін салуға бөлінген 6 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген Түркия азаматы Черногориядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті құрылыс компаниясының басшысы бола тұра, 2022-2024 жылдар аралығында ақшаны жымқырған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол үлестес фирмалармен жалған келісімшарттар жасау арқылы қаражатты сыртқа шығарып отырған.

Халықаралық іздеуде болған азаматты Черногорияның құзырлы органдары ұстап, Қазақстанға қайтарды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Егер кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, өзі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика