Нигерияда 30 адам ажал құшты

Фото: Report

Нигерияның солтүстігіндегі Кано штатында болған жол апатынан кемінде 30 адам қаза тапты. Бұл туралы Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Daily Post Nigeria басылымына сілтеп хабарлады.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, қайғылы оқиға жексенбі күні таңертең Гезава ауданындағы Кванар Барде елді мекенінде болған. Гуджунгу қаласына бет алған тіркеме шамадан тыс жылдамдықпен қозғалып, апатқа ұшырағаны болжануда.

Апат салдарынан көптеген жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған. Зардап шеккендер жедел түрде облыстағы ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.

Кано штатының губернаторы Абба Кабир Юсуф тірі қалғандарға дереу көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, өткен жылы Өзбекстанда жол-көлік оқиғалары салдарынан 2100-ден астам адам көз жұмған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика