Экология және балық инспекциясы департаментінің өкілдері су сынамасын алды.
Ал жергілікті атқарушы органдар өлі балықтарды зертханаға тапсырды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылының маңындағы Жабай өзенінде балықтың жаппай қырылғаны туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде хабарлады.
– Куәгерлердің айтуынша, су біртүрлі түске боялған және ерекше иісі бар. Бұл үлкен алаңдаушылық тудырады, – делінген видеодағы жазбада.
Ақмола облысының Экология департаменті өкілдері балық инспекциясымен бірлесіп 5 ақпанда өзен аумағына барып, су сынамасын алды.
– Жергілікті атқарушы органдар зертханаға беру үшін балық үлгілерін іріктеп алды. Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар қосымша ақпарат жарияланады, – деп толықтырды экологтар.
