Қазақстандық дипломдар Азия-Тынық мұхиты өңірінде мойындалады: Заң күшіне енді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім саласындағы біліктілікті тануға қатысты халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл құжат қазақстандық дипломдардың Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінде мойындалуын едәуір жеңілдетеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, аталған заң Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға интеграциялауға бағытталған. Бұл – қазақстандық студенттер, магистранттар және жас мамандар үшін шетелде білімін жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік ашатын қадам.

Енді Қазақстан дипломдары Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да конвенцияға мүше елдерде қосымша растаусыз танылатын болады. Бұл өз кезегінде бюрократиялық кедергілерді азайтып, отандастарымыздың халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Заңның толық мәтіні ресми баспасөзде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика