Қызылордада балабақшаға баратын жол батпаққа айналып, балалар лай кешіп жүр (ВИДЕО)

Қызылорда қаласында балабақшаға апаратын жолдың мүшкіл жағдайы тұрғындардың наразылығын күшейтті. КБИ мөлтек ауданындағы №7 «Нұрбесік» балабақшасының маңында орналасқан Майтөбе көшесі жауын-шашыннан кейін батпаққа айналып, жүріп-тұруды қиындатқан. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Ата-аналардың айтуынша, балаларын балабақшаға апару үшін күн сайын лай кешуге тура келеді. Тіпті кей жерлерден ересек адамдардың өзі әрең өтеді.

Жергілікті тұрғындар биыл Күдерқожа көшесіне асфальт төселгенін, алайда Майтөбе көшесінің шамамен 200 метрлік бөлігі жөнделмей қалғанын алға тартады. Соның салдарынан әлеуметтік нысанға апаратын жол қараусыз қалып отыр.

Бұл мәселеге қатысты халық бірнеше рет қалалық әкімдікке шағымданғанын айтады, бірақ әзірге нақты нәтиже байқалмайды. Балабақша маңындағы жолдың реттелмеуі жауапты мекемелердің жұмысына деген сын-ескертпені күшейтті.

Аталған жағдай түсірілген видео Instagram желісіндегі kritikakyzylorda парақшасында жарияланған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика