Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Нишан-и-Пәкістан» ордені табыс етілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Салтанатты рәсім Пәкістан астанасы Исламабадта өтті. Мемлекет басшысын жоғары марапатпен Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифтің өзі құттықтады.
«Нишан-и-Пәкістан» – ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және екіжақты қарым-қатынасты нығайтқан шетелдік мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлеріне берілетін ең мәртебелі награда.
Жиынға Пәкістан үкіметінің мүшелері, парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары басшылық құрамы және елдегі дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Фото: Әлеуметтік желіден
