Депутат көріпкелдер мен экстрасенстерге салық төлетуді ұсынды

Фото: Ru.freepik.com

Мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарым көріпкел, психологтардың және сол сияқты басқа да қызмет түрлерінің қызметін реттеуге байланысты заң жобасын талқылауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Депутат “Сіз бұған дейін көріпкелдерге жүгіндіңіз бе?” деген сұрағына жауап берді.

“Көріпкелдерге жүгінген жоқпын. Мен көріпкел тұрмақ, ертегілерге де сенбеймін”, – деді Айдос Сарым.

Кейін оған “мемлекет осындай мамандарға лицензия беруі керек пе?” деген сұрақ қойылды.

“Жоқ. Менің ойымша, егер қоғамның белгілі бір бөлігі бұған сенсе, бұл сенім жоқ дегенде ақылға қонымды болу керек, яғни, ешқандай трагедияға әкелмеу керек. Бұл – бір. Екіншіден, олар салық төлеуі керек. Қазына толсын”, – деп жауап берді мәжілісмен.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика