Фото: freepik, shutterstock
«Қазтелерадио» АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізілетіні туралы жеткізді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Оператордың мәліметінше, жұмыс 2026 жылдың 5 ақпанында бекітілген кестеге сәйкес сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Профилактикалық жұмыс жүргізілетін кезеңде мына қызметтер уақытша тоқтатылуы мүмкін:
- OTAU TV спутниктік теледидары,
- эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату,
- деректерді беру және телефония қызметтері.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, абоненттерге түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.
