Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Исламабадтағы Премьер-министр резиденциясында Шахбаз Шариф салтанатты рәсіммен қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Екі елдің басшылары алдымен бірге суретке түсті. Одан кейін Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы президентке рапорт берді.
Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды. Бұл сапар екіжақты сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Фото: Ақорда
