Өтірік психологтардың дәурені бітті: Енді психологтар қатаң бақылауға алынады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда өзін психолог деп таныстырып, ешқандай білімі жоқ адамдарға тосқауыл қойылмақ.
Мәжіліс депутаттары психологиялық қызметті реттейтін жаңа заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Құжат қабылданса, елімізде психологтарға арналған бірыңғай мемлекеттік реестр енгізіледі.
Реестрге тек кәсіби талаптарға сай, заңды түрде жұмыс істейтін мамандар ғана тіркеле алады.
Бұл қадам жалған психологтар мен псевдокеңесшілердің әрекетін шектеуге бағытталған.
Депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасы азаматтардың психологиялық қауіпсіздігін қорғауға арналғанын айтты.
Заңда психологиялық көмектің түрлері, мазмұны және қызмет көрсету тәртібі нақты көрсетіледі.
Сонымен қатар мамандардың жауапкершілігі мен құзыреті айқындалады.
Құжат алдымен Мәжілісте екі оқылымда қаралады.
Заң күшіне енсе, психологиялық көмек көрсету саласы алғаш рет толық мемлекеттік бақылауға өтеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика