Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын

    Танымал актер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

    Танымал актер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қазақстандағы кино және театр әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүние салды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол – танымал тележүргізуші Арман Балтабайұлының әкесі.

    «Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлының өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады», — деп жазылған мәдениет министрлігінің ақпаратында.

    Дереккөзге сүйенсек, Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді.

    «Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!», — деп хабарлайды мәдениет министрлігі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →