Президент кеңесшісі тағайындалды: Стратегиялық агенттікті Әсет Ерғалиев басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми хабарлауынша, Әсет Арманұлы Ерғалиев енді Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымын қатар атқаратын болды.

Бұған дейін ол Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінде болған. Әсет Ерғалиев 2021-2022 жылдары Ұлттық экономика министрі лауазымын атқарғаны белгілі.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі – тікелей Мемлекет басшысына бағынатын және есеп беретін маңызды мемлекеттік орган.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика