Президент журналистерге үндеу жасады: Егемендікті қорғау – бәріміздің міндет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күніне орай журналистер қауымын құттықтап, оларға маңызды міндет жүктеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құрудағы және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Президент журналистерді конституциялық реформа мен мемлекеттік жүйені жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді халыққа жеткізуде конструктивті болуға шақырды.

«Патриотизм ұғымына жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендік пен тәуелсіздікті қорғау – ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті», – делінген Президенттің құттықтауында.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистердің осы маңызды іске белсене атсалысатынына сенім білдіріп, оларға табыс пен бақ-береке тіледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика