«Қазақтелеком» дауға қалды: Абоненттердің ақшасы ескертусіз алынып отыр

Әлеуметтік желіде «Қазақтелеком» компаниясының абоненттерге ескертусіз ақылы қызметтер қосып жатқаны туралы видео тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Дау тудырған видеоны Instagram желісіндегі @arzu_almass парақшасының авторы жариялаған. Ол ерекше қажеттілігі бар азамат екенін айтып, компанияның абонент келісімінсіз түрлі ақылы жазылымды қосып жіберетініне шағымданды.

«Осындай жағдайда тұтынушы өзінің хабарынсыз қосымша қызметтер үшін ақы төлеп отырады», – дейді видео авторы.

Желі қолданушылары бұл мәселенің жаңа емес екенін, бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқанын жазды. Көпшіліктің пікірінше, мұндай қызметтерге жазылу оңай, ал одан бас тарту өте қиын.

Қоғамда үлкен талқы тудырған бұл жайтқа қатысты «Қазақтелеком» әзірге ресми мәлімдеме жасамады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика