Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан қаза тапты

Фото: kaztag.kz
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақсу-Бестөбе-Изобильное тас жолында LADA Largus және Toyota Land Cruiser Prado көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

– Жол апаты салдарынан LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасында төрт баланың әкесі мен анасы көз жұмды.

Тәртіп сақшылары жол апатының алдын алу үшін жүргізушілердің, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде жылдамдықты асырмауды, көліктерінің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика