Тоқаев Пәкістанға барады: Күн тәртібінде қандай маңызды мәселелер бар?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми мәліметінше, сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізеді.

Кездесулерде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланбақ.

Сонымен қатар Президенттің Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысатыны жоспарланған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика