Мемлекеттік сайттағы масқара: Абайдың қара сөзі онлайн-казиноға апарады

Қазақстанның Кувейттегі елшілігінің ресми сайтында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының еңбегіне арналған сілтеме онлайн-казиноның парақшасына апаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік gov.kz доменінде орналасқан дипломатиялық өкілдіктің парақшасында Абайдың «Оныншы қара сөзіне» сілтеме берілген. Алайда, оқырман даналық сөздердің орнына заңсыз құмар ойындар ұйымдастыратын сайтқа тап болады.

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқы тудырды. Желі қолданушылары мемлекеттік органның ресми ресурсында мұндай өрескел қателіктің қалай кеткеніне таңданыс білдіріп, Сыртқы істер министрлігінің жауапкершілігін сұрап жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда онлайн-казино мен бәс тігу компанияларының жарнамасына заңмен қатаң тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандарға әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика