АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында Иранға қатысты жоспарының егжей-тегжейін тіпті Парсы шығанағындағы одақтастарына да ашпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
«Біз оларға жоспарымызды айта алмаймыз. Егер айтып қойсақ, оны сіздерге жария еткенмен бірдей, тіпті одан да сорақы болар еді», – деді Трамп.
Сонымен қатар, АҚШ президенті жоспардың негізгі мақсаты Тегеранмен диалог орнату екенін атап өтті.
«Жоспардың түйіні мынау: Иран бізбен келіссөз жүргізеді, бір нәтижеге қол жеткізе аламыз ба, соны көреміз. Ал егер олай болмаса, онда не болатынын көре жатармыз», – деп сөзін қорытындылады ол.
