Қазақстан тауларында қауіп күшейді: ТЖМ халыққа шұғыл ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің бірнеше өңіріндегі таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупінің жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Министрлік мамандары жүргізген мониторинг пен тексеру жұмыстарының нәтижесінде таулы аймақтарда қардың қалың түсіп, жиналу процесі жалғасып жатқаны анықталды. Ауа райының құбылмалы болуына байланысты жекелеген учаскелерде қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі сақталуда.

Атап айтқанда, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан облысының биік таулы аудандарында көшкін қаупі жоғары.

«Қар басқан тік беткейлерге шығуға кеңес берілмейді, себебі бұл қар көшкінін тудыруы мүмкін», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомствоға қарасты «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары қар жамылғысының жиналуын және көшкін қаупі бар учаскелердің жай-күйін үнемі бақылап, тұрақты тексерулер жүргізіп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика