Доллар күрт арзандады: Теңге нығайып, айырбастау бекеттері жаңа бағам қойды

30 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) кешкі сессияның нәтижесінде АҚШ валютасы 501,02 теңге болып бекітілді. Бұл көрсеткіш бір тәулік ішінде доллардың 2,02 теңгеге арзандағанын білдіреді.

Теңгенің нығаюы еліміздің ақша айырбастау пункттеріндегі бағамға да әсер етті. Қазіргі уақытта долларды орта есеппен 501-502 теңгеден сатып алып, 502,5-503 теңгеден сатып жатыр.

Ал еуроны сатып алу бағамы 591-595 теңге аралығында болса, сату құны – 599-602 теңге. Ресей рублін 6,52-6,57 теңгеден қабылдап, 6,6-6,65 теңгеден саудалауда.

Сарапшылар теңгенің нығаюын мұнай бағасымен байланыстырады. Бүгін ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір барреліне 69,95 долларды құрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика