Қоғам белсендісі Бибік Жүнісов құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзін Алматыдан ұрлап әкетіп, Шымкентте азаптағанын мәлімдеді. Ол Президентке арнаған үндеуінде полицейлердің ұйымдасқан қылмыстық топпен сыбайлас болғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Жүнісовтің сөзінше, оқиғаға қатысы бар адамдар одан 4 миллион теңге бопсалаған. Алайда ол барлық дәлелдердің болуына қарамастан, Шымкент қаласының прокуратурасы кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тоқтатып тастағанына шағымданды.
«Мені Алматыдан ұрлап, Шымкентке әкелді. Олар мені азаптап, 4 миллион теңге талап етті. Қолымда дәлелдер болса да, Шымкент прокуратурасы істі жауып тастады. Бас прокурор Берік Ноғайұлынан осы іске араласып, тиісті шара қолдануды сұраймын», — дейді белсенді видеоүндеуінде.
Ол осы мәселе бойынша Бас прокурор Берік Асыловтың назарын аударып, істің әділ тергелуін талап етіп отыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
