Трамп Кубаға байланысты АҚШ-та төтенше жағдай жариялады: Енді не болады?

АҚШ президенті Дональд Трамп Куба үкіметінің іс-әрекеттеріне байланысты елде ұлттық төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған тиісті жарлықта Куба билігінің саясаты мен тәжірибесі «ерекше және төтенше сипатта» екені, сондай-ақ Вашингтонның бағалауы бойынша АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саяси мүдделеріне қатер төндіретіні көрсетілген.

Сонымен қатар құжатта Кубада адам құқықтары бұзылып, азаматтық бостандықтар шектеліп жатқаны туралы айыптаулар да бар. Төтенше жағдай режимі аясында Трамп әкімшілігі Кубаға тікелей немесе жанама түрде мұнай жеткізетін елдерге қарсы қосымша кедендік баж салығын енгізуге мүмкіндік беретін арнайы тарифтік жүйе әзірлеуі тиіс.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика