Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы дау-дамайдан кейін кадрлық өзгерістер жалғасуда. Қор төрағасына екі жаңа орынбасар тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Енді бұл қызметті Бақытжан Абдуллаев пен Индира Ерденова атқарады. Олар бұрынғы орынбасарлар Светлана Пономарева мен Жұлдыз Рамазанованың орнына келді.
Бақытжан Абдуллаев ұзақ жылдар бойы Астанадағы №1 қалалық ауруханада еңбек еткен. Ал 2023 жылдан бастап Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ал Индира Ерденова Қордың жаңа басшысы секілді Қаржы министрлігі жүйесінен келген маман. Өмірбаянына сүйенсек, ол борышкерлермен жұмыс және мемлекеттік сатып алу салаларына жауапты болған. Соңғы кездері салық жүйесін цифрландырумен айналысқан.
Фото: Әлеуметтік желіден
