Қостанай облысында үшем дүниеге келді

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жаңа туған нәрестелердің анасы 31 жаста, жүктілік табиғи түрде болған. Қостанай ауданының Шарапиевтер шаңырағы үш ұл тәрбиелеп отыр, енді отбасында бірден үш қыз дүниеге келді.

Екі қыздың салмағы – 2600 грамм, үшіншісі 2300 грамм болды. Барлық жаңа туған нәрестелердің бойы 49 сантиметр.

Облыстық аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика