Колумбияда ұшақ апатқа ұшырады: Борттағы конгрессмен мен 14 адам қаза тапты

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 15 адамның барлығы қаза тапты. Олардың арасында ел конгрессмені Диоген Кинтеро да болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Satena әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Кукутадағы Камило Даза әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай диспетчерлік қызметпен байланысын үзген. Кейін оның Норте-де-Сантандер департаментіндегі ауылдық жерге құлағаны анықталды.

Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі мен 13 жолаушы болған. Конгрессмен Диоген Кинтеро 2022 жылы зорлық-зомбылық құрбандарының мүддесін қорғау үшін сайланған еді және «арнайы бейбітшілік округтерінің» өкілі саналған.

Іздеу жұмыстарына бірнеше әуе кемесі жұмылдырылып, апат орны табылды. Құтқарушылар тірі қалғандардың жоқ екенін растады. Ел билігі қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика