Талғат Байсуфинов ұлттық құрамаға үшінші рет оралды: Ол нені өзгертеді?

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясы отандық маманның кандидатурасын біржола бекітті. Байсуфинов өткен жылдың қазан айынан бері бас бапкердің міндетін атқарушы қызметінде болған. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Лихтенштейнді 4:0 есебімен тас-талқан етіп, Солтүстік Македония және Бельгиямен өткен ойындарда тең нәтиже тіркеген еді.

Бұл – 55 жастағы маманның ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстауы. Бұған дейін ол 2016-2017 және 2020-2022 жылдары команданы жаттықтырған болатын.

Федерация басшылығы Байсуфиновтың мол тәжірибесі іріктеу кезеңіндегі қазіргі жетістіктерді одан әрі дамытуға септігін тигізеді деп сенеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика