Иран АҚШ шабуылына дайындалуда: Биліктің жаңа шешімі белгілі болды

The Financial Times басылымының жазуынша, Иран билігі АҚШ-тың ықтимал әскери соққысына дайындықты бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ел президенті Масуд Пезешкиан орталық билікке қауіп төнген жағдайда аймақ басшыларына дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тетіктерді кеңейтіп жатыр.

Бұл қадам АҚШ әскері Иранның мемлекет басшыларының көзін жойса да, аймақтардағы басқару жүйесінің тоқтап қалмауын қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, өңірлер сауда-саттықты жалғастырып, халықты қажетті заттармен үздіксіз қамтамасыз етуі тиіс.

Фото: news.ru

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика