Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Жамбыл облысында әскери қызметші қарудан алған жарақаттан қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің басшылығы қарумен жұмыс істеу кезінде оқ тиіп қаза тапқан сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Ведомство марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін соталды тергеу жүріп жатыр.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын объективті әрі жан-жақты анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссияны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев басқарады. Жағдайды министр жеке бақылауына алды.

«ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Күшекбаев ведомствоның оқиғаны толық әрі ашық тергеу үшін барлық қажетті шараны қабылдайтынын жеткізді», — делінген хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика