Серік Сәпиев орынбасарымен болған төбелесте кінәлі деп танылды – Мемлекеттік қызмет істер агенттігі

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Журналист Михаил Козачков Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген тексерістің нәтижелері шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы спортшылар арасындағы жанжал 23 қаңтарда болған. Оқиға туралы Михаил Козачков сол күні жазып, кейінірек видео да жариялаған. Бұдан кейін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасарымен болған даудың себебін оның заңсыз әрекеттерімен байланыстырған еді.

Кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жағдайға пікір білдіріп, асығыс қорытынды жасамауға және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жүргізетін тексерістің нәтижесін күтуге шақырған.

Алайда бүгін жарияланған құжатта қақтығысқа қатысты барлық мән-жайлар зерделеніп, болған оқиғаға Серік Сәпиевтің өзі кінәлі деген қорытынды жасалғаны көрсетілген. Құжатқа қол қойған департаменттің бас мамандары Рысқұлбек пен Теміржанов осындай тұжырымға келген.

Тексеру қорытындысына сәйкес, басқарма басшысы Серік Сапиевтің әрекеттерінен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-бабы 5) тармақшасы мен 8-бабының 1) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды бұзу белгілері анықталған.

Атап айтқанда, бұл азаматтардың көз алдында мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасау, ұжымда іскерлік және ізгі қарым-қатынастарды орнықтыруға ықпал етпеу, сондай-ақ әріптесіне қатысты әдепсіз әрі орынсыз мінез-құлық таныту деп жазылған.

Фото: @Koza4kov_BOT

Фото: @Koza4kov_BOT

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика