Қазақстан сәбіз экспортына тыйым салмайды: Үкімет нақты себебін атады

Қазақстанда сәбізді сыртқа шығаруға шектеу қойылмайды, себебі ішкі нарық өніммен толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Үкімет өкілінің айтуынша, елімізде өткен жылы 412 мың тоннаға жуық сәбіз жиналған. Бұл көлем жаңа өнім шыққанға дейін ішкі сұранысты толық өтеуге жетеді.

«Біздің ішкі нарық бұл өніммен толық қамтылған. Жаңа өнімге дейін жететін жеткілікті қорымыз бар. Сондықтан қандай да бір шектеу енгізудің қажеті жоқ», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Осыған байланысты, қазақстандық шаруалар өнімнің артығын еш кедергісіз сыртқы нарықтарға шығарып, сата алады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика