Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептеріндегі бірнеше пәнді біріктіру реформасының тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұған дейін министрлік физика, химия және биологияны «жаратылыстану» деген бір пәнге, ал алгебра мен геометрияны «математика» пәніне біріктіру мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
«Бұған дейін коллегияда физика, химия, биологияны – «жаратылыстану» деп, алгебра мен геометрияны – «математика» деп біріктіру туралы шешім қабылданған еді. Бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдарды жеке-жеке оқыту керек деп санаймыз», — деді Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Министрдің айтуынша, бұл шешім мұғалімдер қауымымен жан-жақты талқылаудан кейін қабылданған. Яғни, педагогикалық ортаның пікірі ескерілген.
Фото: Әлеуметтік желіден
