Биыл Қазақстанға әлемдік жұлдыздардан кімдер келетіні белгілі болды

Фото: solanafest.kz

Қазақстан шетелдік туристерді елге тарту үшін әлемдік жұлдыздардың концертін ұйымдастыру саясатын биыл да жалғастырмақ. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов Үкімет отырысында айтты.

— Биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Алғашқы концертке Тимбарлэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әртістер қатысады.Ол мамыр айына белгіленген. Жалпы жыл соңына дейін кемінде 5 ірі концерттік шара өтеді, — деді ол.

Kazakh Tourism басшысы фестивальдік туризм бағытына арналған штаб құрылғанын айтады.

— Штаб іс-шараларды туристік пакет ретінде ұсынумен айналысады. Сонымен қатар көршілес елдердегі медиасеріктестермен және туроператорлармен бірлесіп, Қазақстанға турист тарту жұмысы жүргізіледі, — деді Талғат Ғазизов.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика