TikTok-тағы қауіп: Франция 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні тыяды

Франция президенті Эммануэль Макронның тапсырмасымен елде 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салу мәселесі қолға алынды. Жаңа шектеулер 2026 жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл бастамаға денсаулық сақтау саласын реттеуші органның есебі түрткі болған. Онда жасөспірімдердің басым бөлігі күн сайын бірнеше сағатын әлеуметтік желіде өткізетіні, бұл олардың өзіне деген сенімділігін төмендетіп, қауіпті мінез-құлыққа итермелейтіні айтылған.

«Біздің мақсатымыз – балаларды алгоритмдердің манипуляциясынан және цифрлық тәуелділіктен қорғау», — деп түсіндірді президенттің бастамасын билік өкілдері.

Мәселенің ушығуына TikTok платформасына қарсы берілген ұжымдық сот ісі де себеп болды. Бірнеше отбасы платформа алгоритмдерінің кесірінен жасөспірімдер депрессияға ұшырап, тіпті қайғылы жағдайларға тап болды деп санайды.

Осыған байланысты заң жобасы 26 қаңтарда таныстырылады. Сондай-ақ, билік жоғары сыныптарда ұялы телефондарды толығымен қолданыстан шығаруды көздеп отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика