«240 миллион теңге кредитіңді жауып береміз»: Астанадағы алаяқтар 9 жылға сотталды

Астанада тұтынушылық және автокредит саласында алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Олар жәбірленушілерге 240 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қылмыскерлер жұртты бұрынғы несиелерін өтеуге көмектесеміз деп сендірген. Оның орнына оларға жаңа қарыз, соның ішінде көлік несиесін рәсімдеуге көндіріп, ай сайынғы төлемдерді өздері жабатынына уәде берген. Алаяқтардың құрбандары негізінен мүгедектігі бар және табысы төмен азаматтар болған.

«Алаяқтар уәделерін орындамаған, ал жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты», — делінген елордалық прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайластары 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика