Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев редакциялық өзгерістер жайында айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелерін реттейтін Конституцияның VIII бөліміне және басқа да бөлімдеріндегі бірқатар баптарына бір палаталы заң шығару органының, яғни Құрылтайдың енгізілуіне байланысты, сондай-ақ «Республика» деген атаудың орнына «Қазақстан Республикасы» деп нақтылау мақсатында редакциялық өзгерістер енгізіледі.
— Конституцияның 43-бабы өзгеріссіз қалады, — деді Ерлан Сәрсембаев.
