Фото: instagram/bilimastana
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 26 қаңтарда Қазақстанның бірнеше аймағында оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласында бүгін, 26 қаңтарда ауа температурасы -25,2 градус аяз болуына байланысты 1 ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Павлодар облысы
Павлодарда бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.
Ақмола облысы
Көкшетауда бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары да онлайн оқиды.
