Маңғыстауда ондаған үйді су басты: Әкімдік тұрғындарға шұғыл нөмір жариялады

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қардың еруі салдарынан ондаған тұрғын үйді су басып, жергілікті билік су сору жұмыстарын бастады. Жыл басынан бері тұрғындардан жүзге жуық өтініш түскен, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 25 қаңтардағы жағдай бойынша Қызғалдақ көшесіндегі алты үйге және ауылдық округтегі 75 үйдің ауласына су кірген.

«Көп жағдайда су үй маңындағы аумақтар мен аулаларда уақытша жиналып тұр. Тұрғын үйлерге елеулі залал келген жоқ», — деп хабарлады жергілікті әкімдік.

Қазіргі уақытта мамандар сорғылар мен дренаж жүйелерінің көмегімен суды шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Әкімдік су басу жағдайында тұрғындарға мына шұғыл байланыс нөміріне хабарласуды ұсынды: +7 702 591 11 60.

Фото: Тұрғындар жіберген

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика