Шымкенттегі кісі өліміне қатысты жаңа дерек: Күдіктілер қайда жасырынған?

Шымкентте бір адамның өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты іздеуде жүрген тағы үш күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты Талғат Есімов растады. Оның айтуынша, күдіктілер көршілес Түркістан облысының Түлкібас ауданында жасырынып жүрген жерінен ұсталған.

Еске сала кетейік, Шымкенттегі дәмханалардың бірінің алдында болған жаппай төбелес салдарынан 40 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған еді. Осы оқиғадан кейін бірнеше адам қамауға алынып, тағы бірнешеуіне іздеу жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика