Павлодар облысының Жаңаауыл ауылында жанармай құю кезінде бензин таситын көлік отқа оранып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай цистернаға бензин құйып жатқан сәтте болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жалынды тез ауыздықтап, оның жақын маңдағы құрылыстарға таралуына жол бермеген.
Дегенмен, оқиға салдарынан кәсіпорынның 56 жастағы қызметкері күйік алып, дәрігерлерге тапсырылды. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
ТЖМ жанар-жағармаймен жұмыс істегенде кез келген ұшқын немесе ақау қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Фото: Әлеуметтік желіден
