Америка Құрама Штаттарының жартысынан астам аумағын алапат дауыл басып, 172 миллион тұрғынның өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Елдің оннан астам штатында төтенше жағдай ресми түрде жарияланды. Қатты аяздың салдарынан газ бағасы бірден 67%-ға шарықтаған.
Сонымен қатар, дүкен сөрелерінде бірінші кезекте қажетті тауарлардың тапшылығы байқала бастады. Метеорологтар 26 қаңтарға дейін жаппай жарық сөнуі мүмкін екенін және жолдардың жүруге жарамсыз болатынын ескертуде.
Жағдайдың қиындауына байланысты бірнеше штатта азаматтық қызметтерге көмекке Ұлттық гвардия тартылды.
Фото: Әлеуметтік желіден
