Таяу Шығыста жағдай шиеленісті: АҚШ Иранға соққы жасауы мүмкін

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің авиатасымалдаушы соққы тобы Малакка бұғазы арқылы өтіп, Таяу Шығысқа қарай бағыт алды. Бұл аймақтағы әскери шиеленістің арта түскенін білдіреді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

The Jerusalem Post басылымының хабарлауынша, америкалық флоттың бұл әрекетінен кейін бірқатар әуе компаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстерін жаппай тоқтата бастаған. Бұл АҚШ-тың Иранға қарсы ықтимал әскери операцияға дайындалып жатқаны туралы болжамдарды күшейтті.

Бір қызығы, Таяу Шығысқа бет алған бұл қуатты флотты Эми Бауэрншмидт есімді әйел басқарып келеді. Ол – АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тарихында атомдық авиатасымалдаушыны басқарған тұңғыш әйел-капитан.

Эми Бауэрншмидт «Авраам Линкольн» (USS Abraham Lincoln) кемесінің капитаны болып 2021 жылы тағайындалған. Оның қол астында 5000-нан астам әскери қызметкер мен 60-тан астам әскери ұшақ бар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика