«Арандатуға бой алдырмадым»: Серік Сәпиев орынбасарымен жанжалға жауап берді

Танымал боксшы, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өзінің орынбасарына күш қолданды деген ақпаратқа қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Сәпиев әлеуметтік желіде тараған жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекетке бармайтынын жеткізді.

«Әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған жағдайға қатысты айтарым: Мен – мемлекеттік қызметшімін және өз міндетімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтаймын. Бапкерлерім мені бала кезден рингтен тыс жерде күш қолданбауға тәрбиелеген. Мен өз күшімді жақсы білемін және әр ісіме жауапкершілікпен қарайтынымды түсінемін. Сондықтан ешқандай арандатушылыққа бой алдырмаймын. Бұл мәселе толық шешілді, тақырып жабық», — деді ол.

Еске сала кетейік, танымал боксшы мен оның орынбасары арасындағы оқиға 21 қаңтарда болған еді. Алайда екі тарап арасындағы келіспеушіліктің нақты неден туындағаны әзірге белгісіз.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика