Астанада қызғаныштан туындаған жан түршігерлік оқиға тіркелді: 32 жастағы әйел өзімен бірге тұратын 34 жастағы жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастаған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, әйел сүйіктісінің опасыздық жасағанын біліп қойған. Ол ашуға булығып, алдымен жігітіне ұйықтататын дәрі берген. Ер адам ес-түссіз жатқан кезде, осындай қатыгез қадамға барған.
Бір қызығы, оқиғадан кейін жедел жәрдемді әйелдің өзі шақырған. Дәрігерлер келгенде 34 жастағы ер адам ауыр халде жатқан. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.
Алайда зардап шегуші медициналық мекемеге тым кеш түскендіктен, дәрігерлер кесілген ағзаны қайта қалпына келтіре алмады.
Фото: Әлеуметтік желіден
