Полиция көлігінің дөңгелегін жарып тастаған Шерзаттың әкесіне қатысты іс жабылды

Қайғыдан қан жұтқан Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл туралы марқұм баланың отбасылық адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді. Қаржаубай Нұрымовқа «бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру» бабы бойынша айып тағылып, полиция қызметкерлері мінген көліктің дөңгелегін жарып жібергені үшін тергеу жүрген болатын.

Баласынан айырылып, ауыр қайғы кешкен әкеге осындай айып тағылуы қоғамда үлкен наразылық тудырған еді. Көпшілік мұны әділетсіздік деп бағалап, Қаржаубай Нұрымовты қолдау білдірген.

«Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Оған полиция көлігінің шинасын бүлдірді деген айып тағылған болатын», — деді адвокат өз хабарламасында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика